12:04, 29 Маусым 2021 | GMT +6
Қызылордада көпқабатты үй өртеніп, 60 жастағы тұрғын уланып қалды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада көп қабатты үйде болған өрттен уланған 60 жастағы тұрғын ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 28 маусымда жергілікті уақыт 14.44-те Қызылорда қаласындағы «Астана» шағын ауданындағы тұрғын үйдің 5-қабатында өрт шыққан. Қызыл жалынның 4-5-қабаттардағы өзге де пәтерлерге таралу қаупі туындады.
«Өрт сағат 15.16-те сөндірілді. Көппәтерлі үйден 26 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың ішінде 14 бала. Улы газға уланып қалған 1961 жылғы тұрғын қалалық ауруханаға жатқызылды. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада каналға батып кеткен 13 жастағы қыздың денесі табылды.