+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Қызылордада көпқабатты үй өртеніп, 14 адам эвакуацияланды

2021 жылғы 14 мамыр 15:13
Бөлісіңіз:
Қызылордада көпқабатты үй өртеніп, 14 адам эвакуацияланды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада көп қабатты үйде болған өртте 13 адам қауіпсіз жерге шығарылып, өздігінен жүре алмайтын 1 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бұқтырмадағы демалыс базасынан шыққан өрт орманға жайылып кете жаздады Алматы орталығындағы өрт: Полиция тергеуді бастады Елордадағы «Қазақмыс» ғимаратында өрттің неден шыққаны анықталды

Оқиға бүгін, 14 мамырда сағат 10.58-де болды. Сол уақытта Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментіне хабар келіп түсті. Онда облыс орталығындағы Абай даңғылы бойындағы №48 үйдің бесінші қабатындағы екі пәтердің балконы жанып жатқаны жөнінде айтылған.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жылдам жетті. Барлау жұмыстарынығ нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел және біріккен іс-қимылының нәтижесінде жоғарғы қабаттан барлығы 13 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың 2-і бала. Сондай-ақ, өрттен өздігінен жүре алмайтын бір азаматша құтқарылды. Өрт сағат 11.10-де оқшауланып, 11.18-де толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада қора өртеніп, 30 қозы жанып кетті.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT