Қызылордада көпірден секіріп кеткен 17 жастағы қыз құтқарылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар комитеті «Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының» құтқарушылары бойжеткеннің өз-өзіне қол жұмсауына жол бермеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылдың 4 сәуірінде сағат 11:26-да Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне белгісіз адам хабарласып, ХҚО маңында бір қыздың Сырдария өзеніне көпірден секіріп кеткені жөнінде хабарлаған. Құтқарушылар оқиға орнына үш минутта жетті. Радиациялық және химиялық-биологиялық қорғау бөлімінің басшысы Ә.Сахиев пен бас құтқарушы Б.Алжанов суық суға секіріп, 200 метрге дейін жүзіп барды. Олар сол жерде қызды тауып, оны өзеннің сол жағалауына шығарды. Осы уақытта қайықпен келген құтқарушылар өзеннің оң жағалауына жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті, содан кейін оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды» делінген хабарламада.

Куәгерлердің айтуынша, қыз суға әдейі секірген. Құтқарылған 2002 жылы туған бойжеткен - Қызылорда қаласының тұрғыны.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар