Қызылордада көпірден секірген ер адам қайтыс болды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада көпірден секірген ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 17 желтоқсанда сағат 00:00 шамасында болған. Сол уақытта облыс орталығында орналасқан сол жағалаудағы көпірден ер азаматтың секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама 102 арнасына түскен.

«Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті. Тексеру барысында азамат қайтыс болғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Еске салсақ, бұл - бес күннің ішінде кездесіп отырған екінші жағдай. Бұдан бұрын Қызылордада әйел көпірден секіріп қаза тапты.


Фото: polisia.kz

Соңғы жаңалықтар