+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қызылордада көп қабатты үйдегі өрттен 47 адам эвакуацияланды

2020 жылғы 17 ақпан 11:18
Бөлісіңіз:
Қызылордада көп қабатты үйдегі өрттен 47 адам эвакуацияланды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада көп қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатынан өрт шығып, 47 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен дәрігерлерге әлеуметтік тұрғын үй салынуда Биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі Мақтаарал ауданында 115 үйдің құрылысы толық аяқталды

Бұл оқиға 16 ақпанда сағат 20:00 шамасында болды. Облыс орталығындағы Абай даңғылы 36 үйдің бесінші қабатында пәтердің бірінде өрт шыққан. Өрт сөндіру қызметінің 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы «112 құтқару қызметіне» түскен хабардан кейін дереу оқиға орнына жетті.

«Мамандар оқиға орнында газ түтінінен қорғау жүйелеріне барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде көп қабатты тұрғын үйдегі пәтердің бірінен өрт шыққаны анықталды. Өрт сөндірушілер жедел әрекет етті. Өрт толығымен сөндірілді. Тұрғын үйден барлығы 47 адам эвакуацияланды. Құтқарушылар көп қабатты үйде тұратын 1 топ мүгедегін қауіпсіз жерге алып шықты. Ол жедел жәрдем көмегімен орталық ауруханаға жеткізілді, жағдайы орташа. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT