Қызылордада көлік жүксалғышынан адамның мәйіті табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада көліктің жүк салғышынан тұрғынының мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада жантүршігерлік оқиға болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Бір тәуліктің ішінде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі күдікті - 26 және 41 жастағы облыс орталығының тұрғындары ұсталды. Олар Қызылорда қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу деректері жария етілмейді.

Соңғы жаңалықтар