Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Қызылордада көлік оқиғасынан екі адам ажал құшты

2019 жылғы 8 маусым 01:43 763
Бөлісіңіз:
Қызылордада көлік оқиғасынан екі адам ажал құшты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 7 маусымда жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Апат Сырдария ауданы аумағындағы «Қызылорда-Жалағаш» тас жолының бойында болған. «Mitsubishi Galant» маркалы автокөлік «Audi S4» маркалы автокөлікпен соқтығысып қалған. Оқиға орнында екі адам қайтыс болды. 

«Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның  мəн-жайлары анықталуда», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне.

Бұдан бұрын Қызылордада жеңіл көлік аударылып, бір адам қаза тапқанын хабарлаған едік. 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT