Қызылордада көлік ішінен адамның мәйіті табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада көлік ішінен адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш оқиға Қызылорда қаласында болды. Адам мәйітінің табылу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен (Адам өлтiру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

«Тәулік ішінде жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар деген күдікпен облыс орталығының 26 және 41 жасар екі тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдіктілер Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаменті қалған мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейтінін мәлімдеді.

Бұдан бұрын Қызылордада автокөлік жаяу жүргіншілер жолында үш адамды қағып кеткенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар