+7 (701) 759 90 19
USD 420.67 EUR 510.99
RUB 5.58 CNY 64.92
Jańalyqtar

Қызылордада көлік апатынан 5 адам көз жұмып, 6 адам зардап шекті

2021 жылғы 14 қаңтар 15:01
Бөлісіңіз:
Қызылордада көлік апатынан 5 адам көз жұмып, 6 адам зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында ірі көлік апатынан 5 адам көз жұмып, тағы 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.

13 қаңтар күні сағат 14:30 шамасында Қызылорда-Құмкөл тас жолының 69 шақырымында «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-қа тиесілі «Mersedes-Benz sprinter» автокөлігі мен «СПМК» ЖШС-ға тиесілі «Toyota Hilux» автокөлігі соқтығысып, нәтижесінде оқиға орнында «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-ның 1 жұмыскері және «СПМК» ЖШС 2 жұмыскері қаза тапты.

Оқиға орнынан «жедел жәрдем» қызметі жоғарыда аталған компаниялардыңзардап шеккен 8 жұмыскерін қалалық ауруханаға жеткізді, олардың ішінде ауруханаға барар жолда «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-ның 1 жұмыскері көз жұмды, «СПМК» ЖШС-нің 1 жұмыскері ауруханада қайтыс болды, «Бастау-S» ЖШС-нің 1 жұмыскері реанимация бөлімшесіне жатқызылды, «СНПС-Айдан Мұнай» АҚ-ның 1 жұмыскері амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберілді, қалған 4 жұмыскер ауруханаға жатқызылды.

ЖКО салдарынан жалпы 5 адам қаза тауып, 6 адам түрлі жарақат алды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қызылорда облысындағы Қызылорда-Құмкөл тас жолында орын алған, нәтижесінде 5 адам қаза тапқан ірі ЖКО-ның мән-жайларын тексеру үшін комиссия құрды.

Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT