Қызылордада көлік адамды қағып кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Астана даңғылы бойында көлік иесі жаяу жүргіншілер жолында адам қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарақат алған адам ауыруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасына кінәлі автокөлік жүргізушісі уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар