+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Қызылордада қолдан жасалған құрт ішінен есірткі табылды

2021 жылғы 19 сәуір 07:17
Бөлісіңіз:
Қызылордада қолдан жасалған құрт ішінен есірткі табылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлемдемеден, қолдан жасалған құрт ішінен есірткі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шу қаласының тұрғынынан 25 келі марихуана тәркіленді Павлодар облысының 45 жастағы тұрғыны түрмеге есірткі тасымалдап келген Қызылордада бесінші сынып оқушысы каналға батып кетті

Бұл оқиға Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен жазасын өтеп жатқан В. есімді азаматқа жолданған сәлем-сауқаттың ішінен есірткі тектес зат анықталды. Алты дана құрттың ішінен дәкеге оралып салынған өзіне тән хош иісі бар шөп тәркіленді.

«Мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды. Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстарының нәтижесінде ол салмағы 3,2 грамм кептірілген марихуана болып шықты. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT