+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қызылордада көл жағасында бас қосқан жеті жігіттің бірі суға кетті

2020 жылғы 14 шілде 05:11
Бөлісіңіз:
Қызылордада көл жағасында бас қосқан жеті жігіттің бірі суға кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында 26 жастағы жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда жыл басынан 85 бала терезеден құлап кеткен Қызылордада 22 жастағы жігіт көлге батып кетті Қызылордада 10 және 13 жастағы екі бала дарияға батып кетті

Бұл жөнінде Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен мәлім етті.

«Оқиға облыс орталығындағы «ПМК-29» саяжайы аумағындағы Қалғандария көлінде болды. Сол аумақта жеті жігіт бас қосқан. Олардың бірі шомылуға арналмаған аумақта суға түскен. Суға түсу кезінде 1994 жылы туған жігіт жағаға қайта жете алмаған»», - деді ведомстводан.

Оны іздестіруге облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметі жедел-құтқару жасағынан 6 құтқарушы қайықпен және арнайы техникамен келді. Іздеу барысында марқұмның денесі оқиға орнынан шамамен 30 метрдей қашықтықтан 2 метр тереңдіктен табылды.

Жыл басынан бері Қызылорда облысында 17 адам суға кетті. Оның 7-еуі – бала.

Бұдан бұрын Сырдарияға батып кеткен қыз баланың денесі табылғанын жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT