Қызылордада көктайғақ: 23 жол-көлік оқиғасы тіркелді
2022 жылғы 29 қаңтар 19:30

Қызылордада көктайғақ: 23 жол-көлік оқиғасы тіркелді

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында өткен тәулікте түнге қарай көктайғақ салдарынан 23 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада көктайғақ салдарынан қала аумағында 28-нен 29-на қараған түні 23 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апатынан жарақат алғандар жоқ.

Бұл бойынша көлік жүргізушілеріне ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық кодексінің 610-бабының бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Онда көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы жағдайы көрсетілген.

«Жол бойында арнайы 19 автокөлік жұмылдырылып, құм-тұз себу жұмыстары жүргізілді. Қала тұрғындарынан жолда абай болуын және жүргізушілерден көлік жылдамдығын үдетпеуін сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда қаласының Полиция басқармасынан.

Еске салсақ, өткен тәулікте Қызылорда облысында көктайғақ салдарынан жол жабылғанын хабарлаған едік.



Jańalyqtar

MURAǴAT