Қызылордада көкөніс алып келе жатқан жүк көлігі өртенді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында көкөніс тасып келе жатқан жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 13 ақпанда сағат 22.00 шамасында «Самара-Шымкент» тас жолының Жаңақорған ауданы Бірлік ауылы тұсында болған. Сол уақытта жергілікті өрт сөндіру бөлімшесіне көкөніс тиелген «ГАЗель» жүк көлігі жанып жатқаны жөнінде хабар келіп түскен.

«Оқиға орнына №14 өрт сөндіру бөлімінен 1 техника мен 4 қызметкер сағат 22.25-те барған. Жүк көлігінің алдыңғы бөлігін жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 22.40-та толығымен сөндірілді. Көкөністің біршама бөлігі аман. Болжам бойынша өрттің шығу себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өрт көліктің қозғалтқыш бөлігінен бастап шыққан», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, Қызылорда облысында жыл басынан бері 8 өрт оқиғасы тіркелген.


Соңғы жаңалықтар