Қызылордада қоғамдық көліктерде бұрынғы баға сақталатын болды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада 1 қыркүйектен бастап «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық көлік жолақысы электрондық төлем жүйесіне ауыстыру көзделген. Онда қолма-қол және электрондық төлемге ортақ баға 90 теңге болып белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқыда қолма 1 қыркүйектен бастап қолма қол төлем жүйесі 120 теңге болып бекітілген еді. Ал электрондық төлем арқылы жолаушылар 90 теңге төлейді деп шешілді.

«Бұл сараланған тариф азаматтарды көлік картасын пайдалануға ынталандыру мақсатында қойылды. Алайда жергілікті тұрғындар өтініші ескеріліп, ұсыныстары тыңдалды. Нәтижесінде электронды немесе қолма қол төлем жасаушылар үшін де ортақ баға 90 теңге болып сақталатын болды. Сол тарифті өзгеріссіз қалдыруға шешім қабылдадық. Электрондық төлем жүйесіне өту - заман талабы. Сол себепті жол ақысын электронды төлеуге ұсынылған 8 түрлі төлем жасау тетігі дамытылады. Бұл жүйеге ауысу 1 қыркүйектен бастап кезең-кезеңімен жалғасады», - деп мәлім етті Қызылорда қаласының әкімдігінен.

Еске сала кетсек, биыл Қызылорда қаласында 14 шақырым жылу жүйесі қайта жаңғыртылды.


Соңғы жаңалықтар