Қызылордада қоғамдық келісімді сақтауға үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының қорытынды салтанатты шарасы өтті. Салтанатты шара барысында өңірде бірлік пен қоғамдық келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін бірқатар азамат марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова, облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты мекемелер қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер мен облыстық ассамблея құрылымдарының басшылары және өзге де азаматтар қатысты.

Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары С. Ахмет елдегі халық бірлігін, этносаралық достық пен қоғамдық келісімді сақтау мен нығайтуда ерекше рөл атқарған Қазақстан халқы Ассамблеясының маңыздылығын атап өтті.

Одан әрі аталған шара марапаттау рәсіміне жалғасты. Облыс әкімінің орынбасары өңірдің рухани-мәдени дамуына, этносаралық бірлік пен қоғамдық келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарға «Халық алғысы», Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» медалдерін, ҚХА төрағасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті. Сондай-ақ, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің басшыларына этносаралық достық қатынастарды нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін облыс әкімінің Алғыс хаты табыс етілді. Қайырымдылық бағыты бойынша облыс әкімінің Алғыс хаты мен номинациялар табысталды.


Соңғы жаңалықтар