Қызылордада қобызшылардың республикалық байқауы басталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Сыр өңірінде «Қорқыт- Қобыз» атты қобызшылар мен қобызбен сүйемелдеп жыр айтушылардың республикалық байқауы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында байқауды ұйымдастырушы, жырау Майра Сәрсенбаева мәлімдеді.

«Қазіргі таңда Қорқыт ата мұрасын жаңғырту, ұрпақтан-ұрпаққа насихаттау бағытында біршама ауқымды жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі, міне, бүгін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр»,- деді М. Сәрсенбаева.

Байқауда 17-55 жас аралығындағы еліміздің әр өңірінен келген қылқобызшылар Қорқыт күйлерін төгілтсе, қобызбен сүйемелдеп жыр айтушылар Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінен және Тоныкөк, Күлтегін, Оғызнама, Қорқыт дәуіріндегі көне жыр үлгілерінен үзінділер орындайды.

Соңғы жаңалықтар