Қызылордада Қобыланды батырға ескерткіш орнатылды

None
None
 ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/- Бүгін Қызылордада қаланың іргетасы қаланғанына 190 жыл, облыстың құрылғанына 70 жыл толуына арналған шаралардың аясында Қобыланды батырдың ескерткіші ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі Болатбек Қуандықов қазақ халқының қалыптасу кезеңінде осы өмірде жасаған, елден ерек батырлығы арқасында образы эпостық деңгейге дейін жеткен Қобыланды тұлғасының қазіргі таңда елдің бірлігі мен ұйымшылдығын көтеруге қосатын үлесі зор екенін айтты. Осы рәсім барысында қоғам және мемлекет қайраткері Ұзақбай Қараманов, белгілі актер-режиссер Асанәлі Әшімов, танымал заңгер Сұлтан Сартаев және тағы басқалар сөз алды.

Қызылорда автомобиль жолдары басқармасы қаржысына салынған бұл ескерткіштің биіктігі 12 метрге жетеді. Құны - 72 млн. теңге. Оның сәулетшісі Сағидолла Құбашев болса, мүсінін жасаған Мұратбай Үмбетов. Екеуі де жергілікті өнер майталмандары. Осылайша батыр баба ескерткіші қалаға көрік бере түсті.

Соңғы жаңалықтар