Қызылордада кісі өлтіріп, мәйітін жасырмақ болған адам 10 жылға сотталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында өзінің танысын өлтірген азамат 10 жылға бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қылмыстық іс Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Аталмыш оқиға 2018 жылдың 31 қаңтарында болған. Сол күні В. өзінің танысымен арақ ішеді.

«Ішкімдік ішу барысында екеуі бір-бірімен сөзге келіп қалады. Бір-біріне қол жұмсайды. Осы сәтте В. танысының бетінен қолымен және аяғымен соққы береді. Соның салдарынан танысы оқиға орнында көз жұмады. Өзінің жасаған қылмысын жасыру мақсатында ол тереңдігі 50-60 сантиметр болатын шұңқыр қазып, жансыз денені соған көміп тастайды. Кейіннен бұл ойынан бас тартып, жансыз денені жасырудың басқа жолдарын қарастырады. Жансыз денені қайта қазып алып, оны полиэтилен пакетпен орайды. Сосын оны өзінің тұрған үйінен 12 шақырымдай қашықтықта орын тепкен жердегі сексеуілдің арасына апарып жасырады», - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімімен сотталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді.

Соңғы жаңалықтар