Қызылордада киік атқандар ұсталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында киік атқандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері түнгі уақытта Төретам кентінен «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолына шығатын жолда «Лада Ларгус» маркалы автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктің жүксалғышынан 4 киіктің ұшасы табылды. Жүксалғыштан одан басқа 1 қоян және 2 дана 12 калибрлі аңшы мылтығы мен оқ дәрілері айғақ зат ретінде алынды.

«Киік атқан екі күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оларға қатысты бұлтартпау шарасы мәселесі шешілуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда», - деп мәлім етті Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қызылордада бірнеше мәрте пәтер ұрлығын жасаған тұрғындар ұсталды.



Соңғы жаңалықтар