Қызылордада киік атқан қала тұрғыны ұсталды

None
Видеодан алынған кадр
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері киікті заңсыз аулап, мүйізі мен етін сату арқылы қылмыстық жолмен қаражат тауып жүрген қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

42 жастағы қала тұрғынынан 6 киік аңына ұқсас жануардың денесі, 130 мүйіз, 12 калибрлі аңшы мылтығы, 26 дана оқ және жол талғамайтын автокөлік анықталды.

​ҚР ҚК 339-бабы 2-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

​Күдікті УҰИ-ға қамалды.


Соңғы жаңалықтар