Қызылордада Казпочта мекемесіне тиесілі жүк көлігінің жүргізушісі ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 наурыз күні республикалық маңызы бар Самара – Шымкент тасжолының 1475 шақырымында Қазалы ауданының тұсында патрульдік рота бекетінің қызметкерлері жол ережесін бұзған КамАЗ жүк көлігін тоқтатқан.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, ішімдік ішіп, көлік айдаған жүргізушіні полицейлер сараптамадан өткізу үшін Қазалы аудандық аурухананың наркологиялық бөліміне апарып, оның орта дәрежелі мас күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар, тексеру барысында жүк көлігінің Казпочта мекемесіне тиесілі екені белгілі болды.

Алматы қаласының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, жүк көлігі айып тұрағына қойылды.

Жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.


Соңғы жаңалықтар