Қызылордада қайын атасын өлтірген келін сотталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада келіні алпыстан асқан қайын атасын өлтірді. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ол 8 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға орын алған күні отбасында кикілжің болған. Жасы алпыстан асқан қария ұрыс үстінде ашуға беріліп, келінінің бетінен шапалақпен тартып жібереді. Сосын бөлмеден шығып кеткен.

Ашуға берілген келін қайын атасынан есе қайтаруға тырысады. Атасының бөлмесіне барып, етпетінен ұйықтап жатқан оған пышақ сұққан. 

«Келіні қайын атасының арқа тұсынан екі мәрте пышақты тығып алған. Сол жақ жауырыны мен омыртқа тұсынан жарақат алған азамат ауруханада көз жұмды», - делінген Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты таратқан хабарламада.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Б. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлімімен (адам өлтіру) кінәлі деп танылды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді.

Одан басқа сотталушыға жазамен бірге амбулаториялық мәжбүрлеп байқау және психатрда емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалды.

Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада жолаушылар автобусының жүргізушісі масаң күйде көлік басқарғанын бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ, Қызылордада полиция қызметкері жедел-іздестіру құжаттарын бұрмалаған. 

Соңғы жаңалықтар