Қызылордада қайығы аударылып, көл ортасында қалып қойған ресейліктер құтқарылды

None
Фото: Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында қайық аударылып, көл ортасында қалып қойылған ресейлік ерлі-зайыптылар құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2 маусым сағат 15.15-те облыстық төтенші жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының мамандары Арал ауданы аумағында орналасқан Аққұмшық көлінде жағалауға жете алмаған адамдарды құтқарды.

Көл маңында жедел құтқару жасағының мамандары рейдте жүрген еді. Сол уақытта аталған жағдайды байқап қалған.

Құтқарылған азаматтар - Ресей астанасы Мәскеу қаласының тұрғындары.


«1975 жылғы ер адам мен 1986 жылғы әйелдің айтуынша, суға шомылу кезінде олар ағаш қайықтан аударылып түскен. Салдарынан жағалауға өздігінен жете алмай қалған. Олардың жағдайы бірқалыпты. Медициналық көмекке мұқтаж емес», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын 14 жасар жасөспірім Сырдария өзеніне батып кеткен еді.


Соңғы жаңалықтар