Қызылордада «Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсіл» жобасы жүзеге асырылуда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсіл» жобасы жүзеге аса бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл тәсілді енгізу кезінде криминогендік, әлеуметтік жағдай, ұлттық мәдениет, менталитет, заңнама және ресурстық мүмкіндіктер ескерілуі тиіс.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңде» атты Жолдауында полицияны бағалау өлшемін түбегейлі өзгерту, полиция қызметін сервистік модельге көшу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жағдайын құру, басым бағыттың бірі болып белгіленгенін айтты. Полицияның сервистік моделі - бұл халықтың билік органдарына деген сенімді арттыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полицияны қоғаммен бірлескен қызметі болып табылады.

Халықаралық тәжірибе негізінде Ішкі істер министрлігі полицияның отандық сервистік моделін алғаш болып Қарағанды облысында жүзеге асырды. 2020 жылдың 8 қаңтарынан бастап Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ОБСЕ) бағдарламалар офисі және Қарағанды облысының әкімдігі бірлесе отырып «Қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсіл» пилоттық жобасын іске қосты. Аталған жоба Қызылорда облысында өткен жылдың 15 қарашасында жұмысын бастады», - деді Қызылорда облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Бауыржан Ибраев.

Жоба шеңберінде облыс әкімдігі жанынан Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ құрылды. Оның құрамына ішкі істер, прокуратура, денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің), сондай-ақ қоғамдық институт өкілдері енгізілді.

«Ведомствоаралық топтың мақсаты - полиция мен қоғам арасында серіктестік қарым-қатынас, сондай-ақ нақты аумақтағы құқықтық тәртіп жағдайына ортақ жауапкершілік орнату. Пилоттық аумақ ретінде Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кенті белгіленді. Қазіргі таңда ведомствоаралық топ мүшелерімен талдау жұмыстары жүргізілуде. Құқықбұзушылыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар анықталуда. Нәтижесі бойынша аталған себептер мен жағдайларды жою жөнінде құзырлы органдар мен мекемелерге ұсынымдар әзірленеді. Бұл бағытта мемлекеттік органдар мен өзге де сала қызметтерімен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылатын шаралар қарастырылған меморандумдар бекітіледі», - деді Б.Ибраев.

Сервистік полицияны дамытуда тәулік бойы жұмыс істейтін 102 мобильді қосымшасының іске қосылды. Оған қоса модульдік полиция бекеттері ашылды. Қазір облыс орталығында адамдар көп шоғырланатын аймақтарда 14 модульдік полиция бекеті бар.

Өткен жылдың желтоқсан айында облыстың шалғай аумақтарында қызмет атқаратын учаскелік полиция инспекторларына 25 дана «JAC» автокөлігі және жаңа үлгідегі компьтерлер қолданысқа берілді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда қаласының сол жағалауында 3 шақырымды құрайтын автомобиль жолы, 2 шақырым жаяу жүргінші жолы мен веложолақ салынды. Сондай-ақ, осы аралық жарықтандырылды. Алдағы уақытта сервистік полиция моделі негізінде учаскелік полиция инспекторларының халықпен тиімді байланысын оңтайландыру мәселесі басым бағыттардың бірі болады», - деді Б. Ибраев.

Еске салсақ, Қызылорда облысында шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының саны артты.



Соңғы жаңалықтар