Қызылордада қатты желден мектеп шатыры ұшып кетті

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш кентінде қатты желдің әсерінен №201 мектеп-лицейдің шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 27 қарашада күні сағат 21:00 шамасында аудан орталығы Жалағаш кентіндегі М. Шәменов көшесінде орналасқан Әл-Фараби атындағы №201 мектеп-лицейде болды. Қатты желдің әсерінен мектептің шатыры құлаған.

«Қазіргі таңда аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Бұл бағытта шұғыл шаралар қабылдануда. Адам шығыны жоқ. Нысанның барлық аумағына кезекшілік қойылып, бақылауға алынды. Сондай-ақ, аудан әкімдігі тарапынан барлық әлеуметтік нысанға кезекшілік қойылған», - деп мәлім етті аудан әкімдігінен.

Ведомство мәліметінше, 28-30 қараша аралығында мектептегі сабақ тоқтатылған.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы - Өскемен бағытындағы кейбір жол бөліктері жабылды.


Соңғы жаңалықтар