+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Қызылордада қасқалдақ атқандар ұсталды

2019 жылғы 1 қараша 23:23
Бөлісіңіз:
Қызылордада қасқалдақ атқандар ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында қасқалдақ құсын заңсыз атып алған екі адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада бірнеше мәрте пәтер тонаған ұры ұсталды СҚО тұрғындарына интернет арқылы «жалған пәтер» ұсынған алаяқ ұсталды СҚО Қызылжар ауданында бірнеше баспананы тонаған әккі ұрылар ұсталды

Қасқалдақ елімізде саны азайған құстардың қатарына жатқызылады. Соған қарамастан аталмыш құсты атып алған азаматтар «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ұсталды. Олар Қармақшы ауданы Иіркөл ауылы маңында түн ішінде қолға түсті. Ұсталған азаматтардан 20-ға тарта құс тәркіленді. Олар қасқалдақ, үйрек секілді құстарды атып алған.

«Аталмыш оқиға бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 382-бабына сәйкес хаттамалар толтырылды. Одан бөлек, олардан мемлекет пайдасына материалдық шығын өндірілетін болады», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Биылғы жылдың 5-31 қазан күндері Қызылорда облысы көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталмыш шара барысында аймақта барлығы 214 экологиялық заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде, заңсыз ағаштар мен бұталарды кесу, заңсыз аң аулау және аң аулау ережелерін бұзу, заңсыз балық аулау, азаматтық қаруды тасымалдау, сақтау ережесін бұзу оқиғалары тіркелді. Аталған мерзімде 9 қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Заңсыз аң, балық аулаумен және заңсыз бұталар мен ағаштарды кесумен ұсталған 7 автокөлік тәркіленіп, айып алаңдарына жеткізілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT