+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

Қызылордада кәсіпкерге шабуыл жасаған 6 күдікті ұсталды

2019 жылғы 9 қыркүйек 17:40
Бөлісіңіз:
Қызылордада кәсіпкерге шабуыл жасаған 6 күдікті ұсталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылордалық полицейлер кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған 6 күдікті адамды қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында педофил өмір бойына бас  бостандығынан айырылды QI-Trade Kazakhstan» қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды Электрондық мемлекеттік сатып алу жүйесіне кибершабуылдың жолы кесілді - ҚР ҰҚК

«Қызылорда облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының және ҚР Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаменті бірлесе жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмыстық оқиғаға күдікті 6 адам ұсталды. Күдіктілер қылмыстарын толығымен мойындады. Олардан айғақ заттар алынды. Ұсталған қылмыскерлер - 20-25 жас шамасында, тұрақты жұмысы жоқ және бұрын сотты болған азаматтар», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазіргі олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4 - бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Еске салсақ, осыдан екі аптадай бұрын бетперде киген белгісіз азаматтар кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған еді. Қарақшылар кәсіпкерді ұрып-соғып, оның үйінен ақша, зергерлік бұйымдар және екі автокөлікті қолды етті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT