Қызылордада кәсіпкерге шабуыл жасаған 6 адам қолға түсті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада полиция қызметкерлері жеке кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған 6 адамды қолға түсірді. Алған дене жарақатынан жәбірленуші көз жұмған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, осыдан екі аптадай бұрын бетперде киген белгісіз азаматтар кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған еді. Қарақшылар қолындағы қаруға ұқсас затпен жәбірленушіні ұрып-соққан. Содан кейін кәсіпкердің үйінен ақша, зергерлік бұйымдар және екі автокөлікті қолды етті. Осылайша кәсіпкердің отбасына аса ірі мөлшерде шығын келтірді.

«Бұл бағытта Қызылорда облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының және ҚР Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаменті бірлесе жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде қылмыстық оқиғаға күдікті 6 адам ұсталды. Күдіктілер жасаған іс-әрекеттерін толығымен мойындады. Олардан айғақ заттар алынды. Ұсталған қылмыскерлер - 20-25 жас шамасында, тұрақты жұмысы жоқ және бұрын сотты болғандар. Олар Қызылорда қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4 - бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, күдіктілердің тағы бір қылмысқа қатыстылығы зерделенуде. Биылғы 5 тамызда Қызылордаад жеке үйдің гаражынан «Toyota Land Cruiser 200» автокөлігі ұрланған болатын
Соңғы жаңалықтар