Қызылордада кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпкердің 2 көлігі мен қомақты ақшасы қолды болған. Бұл оқиғаны Қызылорда облыстық полиция департаменті растады.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192 бабының 4 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Оқиға орнынан алынған айғақты заттарға тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жалғасуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Соңғы жаңалықтар