+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қызылордада кәсіпкер мұқтаж отбасыларға үй салып берді

2019 жылғы 13 қараша 11:34
Бөлісіңіз:
Қызылордада кәсіпкер мұқтаж отбасыларға үй салып берді

ҚАРМАҚШЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Жаңажол ауылдық округінде тұрмысы төмен баспанаға мұқтаж отбасыларға 2 жаңа тұрғын үйдің кілті табыс етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда 72 отбасы қоныс тойын тойлады Қарағанды облысында лифтіні қалпына келтіру бойынша бағдарлама іске қосылды «Бақытты отбасы»: Жамбылда 258 отбасы баспаналы болды

Аталмыш игілікті істі ауылдық округте «Жаңажол» ЖШС төрағасы Орынбасар Төлепов жүзеге асырды. Соңғы үлгідегі талаптармен салынған тұрғын үйлер аумағы 200 шаршы метрді құрайды.

Аталмыш шара барысында жаңа қоныс иелеріне Қызылорда облысы бойынша «Зекет» қайырымдылық қорының Қызылорда облысындағы өкілі Оңталап Жидебаев пен «Қармақшы Ата» мешітінің бас имамы Жақсыбек Әбиұлы да сый-сияпат жасады.

Мұқтаж отбасыларға тұрғын үй кілтін табыс етуде аудан басшысы Мұса Қалдарбеков өз тілектестігін білдірді.


«Қоғамда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі маңызды орын алады. Бұл ретте бизнес өкілдерінің әлеуметтің осал топтарына бір кісідей жұмылып, еліміздің өркендеуі үшін қызмет атқаруы маңызды. Бүгінгі игі бастамаларды жүзеге асырып ел ықыласына бөленген «Жаңажол» ЖШС алғысымызды білдіреміз», - деді аудан әкімі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT