Қызылордада кәсіпкер 10 млн теңгеге «Тағзым алаңын» салып берді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылында Сыр өңіріне белгілі кәсіпкер Сейітқали Алшынбаев 10 млн теңге қаржылай демеушілігімен «Тағзым алаңын» салып берді, дп хабарлайды ҚазАөпарат тілшісі.

Бұл игілікті шара Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда, аймақ басшысының тікелей бастамасымен бастау алған «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ұйымдастырылған.
null

«Қарауылтөбе ауылдық округінен Екінші дүниежүзілік соғысқа 68 майдангер аттанса, олардан 25 жеңімпаз елге оралған екен. Өкінішке орай, 43 боздаққа туған жердің топырағы бұйырмады. Бүгінгі бұл тартуымыз - сол кісілердің алдындағы азаматтық борышымыз», деді С. Алшынбаев.

nullАуыл орталығындағы 8 сотық аумақта орын тепкен «Тағзым алаңында» 68 майдангердің және сол жылдарда елеулі еңбек еткен 13 тыл ардагерлерінің есімдері мәрмәр тасқа қашап жазылған.

Әділжан Үмбет

Соңғы жаңалықтар