Қызылордада қашықтан оқитын оқушылардың үлесі артты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында эпидемиялогиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты қашықтан оқитын оқушылардың үлесі артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста соңғы күндерде эпидемиялогиялық ахуал күрделене түсті. Осыған байланысты ата-аналардың өтінішіне сәйкес қашықтан оқитын оқушылар көбейді. Бүгінгі күні оқушылардың 70 пайызы дәстүрлі, 30 пайызы қашықтан оқиды. Төртінші оқу тоқсанын облыстағы 169 883 оқушының 167 571-і дәстүрлі, 2 312-сі қашықтан білім алуды бастаған.

«Бүгінде кейбір ата-аналардың өтініші бойынша, оқушылар онлайн режимге көшірілуде. Ол үшін ата-анасының өтініші болса жеткілікті. Өткен аптамен салыстырғанда қашықтан оқитындардың саны 14535-ке жетті. Ал қалған оқушылар дәстүрлі форматта оқуын жалғастыруда. Жалпы, оқушылар мен педагогтар арасынан қатерлі врус тіркелген жағдайда тиісті сыныптар қашықтан оқытуға көшіріліп, бірден карантинге жіберіледі. Қазір мектептерде дезинфекциялық тазалау құралдары мен қолды өңдеуге арналған антисептиктердің қорлары жеткілікті», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Сондай-ақ, қазір мектептердегі санитарлық талаптардың орындалуын бақылау үшін білім басқармасы мен білім бөлімдері жанынан мониторингтік топтар құрылған. Атап айтқанда, 5-10 сәуір аралығында аталған топ өкілдері Қызылорда қаласындағы 21 мектепке бақылау шараларын жүргізді. Бұдан бөлек, білім ұйымдарында короновирус инфекциясының алдын алу мақсатында оқушыларға аурудың белгілері, оның қалай жұқатыны және қорғану шаралары туралы әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді.

Айта кетейік, Қызылордада 10659 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды.



Соңғы жаңалықтар