Қызылордада қаржылық пирамида құрғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің қаржылық пирамиданы құрғаны және басшылық еткені анықталып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабының 2-бөлігімен қаржылық пирамиданы құру дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Қазіргі таңда 70-тен астам тұрғын полицияға шағымданды. Сондай-ақ, бұл мәселеге байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, материалдық шығын есептеледі», - деді Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шамшидин Егенбердіұлы.


Соңғы жаңалықтар