Қызылордада «Қарызың болса, жол жабық» атты акция басталды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА.19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қызылордада «Қарызың болса, жол жабық!» атты акция басталды. Бұл туралы облыстық сот актілерін орындау департаментінің баспасөз хатшысы Гүлназ Бисен хабарлады.

«Мемлекеттік сот орындаушылары осындай ұранмен азаматтарды қыс мезгіліндегі еңбек демалысының алдында атқарушылық өндіріс бойынша өздерінің қарыз сомасы туралы мәлімет алып, оны дер кезінде өтеуге шақырады . Өйткені қарыз қай мөлшерде болсын қарыз болып қала береді», - делінген хабарламада.

Республика шекарасынан тысқары шығуға шектеу қойып отырған бағдарлама Әділет министрлігінің ресми сайтында www.adilet.gov.kz жарияланып отырады. Жыл басынан бері бір ғана Қызылорда облысының 3830 азаматына ел аумағынан шығуға шектеу қойылса, оның ішінде 141 азаматтан осы кезге дейін шектеуден босату туралы өтініш түсіп, берешегін өтеген. Солардың бірі 2011 жылдан бері нәпақа қарызы қордаланған Ж.Н есімді борышкер желтоқсан айының басында 457 100 теңге қарызын толық төлеп, республика аумағынан тысқары шығуға рұқсат алды.

Аталған акция жыл соңына дейін жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар