Қызылордада карантинге қарамастан өтіп жатқан 4 той тарқатылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында карантин талабын сақтамаған отбасылық 4 той тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде карантин талабы сақталуын қадағалайтын мониторинг мүшелері өатысуымен 7 қыркүйекте 14 рейд жүргізілді. Нәтижесінде 49 нысан тексерумен қамтылды.

Рейд барысында карантин талабын бұзудың 5 дерегі анықталды.

Оның 4-еуі шектен тыс адам жинай отырып, отбасылық той өткізуге қатысты тіркелген. Ал бір оқиға бойынша тыйым салынғанына қарамастан түнгі клуб жұмыс жасаған.

«Карантин талабын бұзушы тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес әкімшілік айыппұл салынды. Коронавирус инфекциясының тұрғындар арасында таралу қаупін төмендету үшін сақтық шараларын жауапкершілікпен орындауды сұраймыз», - деп мәлім етті облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Еске салсақ, өткен жылдан бері Қызылорда облысында 16 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырған.


Соңғы жаңалықтар