Қызылордада карантин талаптары күшейтілуі мүмкін

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында алдағы күндері карантиндік талаптар күшейтілуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен тәулікте өңірде 43 адам коронавирус жұқтырды. Осылайша облыста қатерлі індетке шалдыққан тұрғындар саны 6490 адамға

Салдарынан облыс коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша елімізде қайтадан «сары» аймаққа енді.

«Бүгінде инфекциялық стационарда 359 науқас ем алуда. Ал жансақтау бөлімінде 44 адам жатыр. Көпшілік арасында коронавирус белгісін дәрігерге хабарламай, үй жағдайында өз бетінше емделіп жатқандар кездесуде. Сондықтан тұрғындардан ауру белгілері байқалған сәтте дереу дәрігердің көмегіне жүгініңіздер деп сұраймыз», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.

Еске сала кетейік, өткен жылы жаз айларында аурушаңдық белең алған болатын. Сала мамандары тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.

«Қауіп жоқ емес, бар. Сондықтан дәрігерлер нұсқауына құлақ асыңыздар. Осы уақытқа дейін түсіндірме жұмысы жүргізіліп келеді. Мейлінше вакцинаны алу қажет. Сондай-ақ, көпшілік орындарға бармаңыздар. Аурудың көзі әлі бар. Маскалық режимді сақтап, күнделікті сақтық шараларын ескеріңіздер», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.



Әділжан Үмбет.


Соңғы жаңалықтар