+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Қызылордада карантин талабын сақтамаған ауыл әкіміне айыппұл салынды

2021 жылғы 9 сәуір 02:38
Бөлісіңіз:
Қызылордада карантин талабын сақтамаған ауыл әкіміне айыппұл салынды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мерекелік шараның бірінде карантин талабын сақтамаған ауыл әкіміне айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтауда мейрамханалар карантинге қарамастан тығылып жұмыс істеген Карантин: Түркістан облысында жыл басынан бері 48 көкпар өткен Павлодарда айыппұл борышы бар жүргізушілерден 7 млн астам теңге өндірілді

Бүгінде өңірде бұл бағытта 45 мониторингтік топ жұмыс істеуде. Оның құрамында полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар, қоғам белсенділері мен еріктілер бар.

Барлығы 128 маман карантин талабы сақталуын қадағалауға жұмылдырылған.

«Қазіргі таңда карантин талаптары еңбек ұжымдарының барлығында бірдей сақтала бермейді. Наурыз айында өткен мерекелер барысында карантин талаптарын сақтамаған бірқатар ұйымдар мен мемлекеттік қызметшілерге әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес айыппұл салынды», - дейді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенова.

Ведомство мәліметінше, осындай салғырттыққа облыстағы ауыл әкімінің бірі жол берген.

Ол ұжымдық іс-шара кезінде бетперде кимей, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы заңнамасы талаптарын бұзған.

Ендігі кезекте ол 230 АЕК әкімшілік айыппұл төлейді.

Өңірде оқу жылының төртінші тоқсан басталғалы бері білім мекемелерінде 29 карантин талабын бұзу дерегі анықталған.

Оған қоса, халыққа бетпердесіз қызмет көрсеткені үшін медициналық және мемлекеттік ұйым қызметкерлеріне де айыппұл салынған.

«Арнайы мониторинг топтары карантин талаптарының сақталуын қадағалау үшін күн сайын тексеру жүргізуде. Мәселен облыс орталығының өзінде 1500-ден астам нысан мен тұрғын үй араланды. Оның ішінде, карантин талаптарын сақтамай той және басқа да рұқсат етілмеген мерекелік шаралар жасаған 83 жағдай анықталды. Ал 52 нысанға құзырлы орган арқылы әкімшілік шара қолданылды», - деді арнайы мониторинг тобының жетекшісі Ләззат Бақтыбаева.

Айта кетейік, Қызылордада жыл басынан бері карантин талабы 137 мәрте бұзылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT