Қызылордада карантин талабын бұзудың 15 дерегі тіркелді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында карантин талабын бұзған тұрғындар саны азаяр емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл мақсатта облыста арнайы мониторингтік топтар құрылған. Топ мүшелері карантин талабын сақтау бағытында қажетті іс-шараларды қолға алып келеді. Тұрғындар арасында той жасау белең алса, кейбір қоғамдық орындар шекті уақыттан артық жұмыс жасаған.

«Облыста жыл басынан бері карантин талабын бұзудың 15 дерегі тіркелді. Олардың 7-уі Қызылорда қаласында болса, қалғаны - Қазалы, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарында. Біз тұрғындардан сақтық шараларына назар аударуды сұраймыз», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, аталған мақсатта құрылған мониторингтік топ мүшелері 26-27 қаңтар күндері карантин талаптарын сақтамаған нысандарды анықтады. Оларға арнайы анықтамалар толтырылып, құзырлы орындарға тиісті хабарламалар жолданған.

Сондай-ақ, Қызылордада науқастардың басым бөлігі коронавирусты қарым-қатынас арқылы жұқтырған
Соңғы жаңалықтар