+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

Қызылордада карантин талабын бұзған түнгі клуб басшысы жазаланды

2021 жылғы 28 ақпан 02:21
Бөлісіңіз:
Қызылордада карантин талабын бұзған түнгі клуб басшысы жазаланды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада карантин талаптарына бағынбаған түнгі клуб басшысы тиісті жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде карантин талаптарының сақталуын қадағалау бойынша мониторингтік топтардың рейді жалғасуда. Бұл бағытта қала әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері нәтижелі жұмыстар атқарып келеді. Тиісті сала мамандары қала орталығындағы бірнеше ойын-сауық орнында карантиндік шектеулердің сақталмағанын анықтады. Бұл бағытта жинақталған материалдар кәсіпкерлік нысан иелеріне тиісті шара қолдану үшін үйлестіру орталығына жолданды.

«Облыс орталығындағы «Ален» түнгі клубында карантиндік талаптар бұзылған. Бұл орын түнгі сағат 23.20-ке дейін жұмыс істеген. Тәртіп сақшыларына клуб әкімшісі мен күзетшілері есік ашпаған. Мониторингтік топ мүшелері клуб иесін оқиға орнына шақыртты. Қазір бұл бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 443-бабының 1-бөлігімен аттама толтырылып, айыппұлдар салынды», - деді Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Естеріңізге сала кетелік, Қызылордада коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын егу басталды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT