
2022 жылғы 16 мамыр 11:40
Қызылордада қаңтар оқиғасында полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасағандар ұсталды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада қаңтар оқиғасы кезінде полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасаған үш азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл бағытта жедел іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде полиция және прокуратура қызметкерлері үш тұрғынды ұстады.
«Аталған азаматтар 5 қаңтар күні адамдар тобымен Жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратына атыс қаруын қолданып, қарулы шабуыл жасаған. Олар қамаққа алынып, қару тәркіленді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада тергеу изоляторына әкелген палау ішінен телефон шықты.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP