Қызылордада қант диабетіне шалдыққан балалар көбейген

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында балалар арасында қант диабетіне шалдыққандардың қатары көбейіп барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы үш жылда Сыр өңірінде 165 бала қант диабетіне байланысты диспансерлік есепке алынған. Бұл ретте, өңірде помполог-мамандардың жоқтығы атап өтілуде. Сондай-ақ ата-аналар мен балалар инсулиндік құрылғыны қолдануды біле бермейді. Алдағы уақытта облыста эндокринологиялық қызметті дамыту, сырқаттану деңгейін төмендету бағыттарына назар аударылмақ. Осы мақсатта «Жол картасы» жүзеге асырылатын болады.

Қант диабетіне шалдыққан балалар арасында ең кішісінің жасы әлі бірге тола қоймаған. Диабет вирусты инфекциялардан кейін басталуы мүмкін. Сырқаттанған балалар арнайы құрылғыға тәуелді болады. Аталмыш аппарат ағзаға микромөлшерлі инсулин бөліп отырады. Қазір мұндай құрылғы 94 балада бар. Десек те, оны дұрыс қолдана бермейтін ата-аналар да кездеседі.

«Осы бағытта облыстық балалар ауруханасындағы диабет мектебінде тиісті шаралар қолға алынады. Ол жұмыстарды 2019 жылға жоспарлап отырмыз. Арнайы құрылғыларға қажетті бөлшектер мен дәрілік сұйықтықтарға да қаржы қажет етіледі. Бұл бағытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары аясында жұмыстар жүзеге асады деп күтілуде», - деді Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Бибізада Дүйсенбаева.

 

Соңғы жаңалықтар