Қызылордада каналды атпен кешіп өтпек болған оқушы суға кетті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Шиелі ауданында бір аптада екі адам суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше, 14 маусымда ауданға қарасты Бәйгеқұм ауылындағы Ханқожа көліне 28 жастағы азамат батып кетті. Ол шомылуға арналмаған жерге түскен. Денесін судан достары алып шыққан.

Осындай тағы бір оқиға ауданға қарасты Ә.Тәжібаев ауылында да болды. 8-сынып оқушысы елді мекенге жақын жердегі Телікөл каналын атпен кешіп өтпек болып, суға кеткен. Оның мәйіті ауыл тұрғындарының күшімен шығарылды.

«Жыл басынан бері 15 адам суға кетіп, көз жұмды. Бір адам құтқарылды. Соңғы аптада үш адам суға кетті. Тұрғындардан барлық қауіпсіздік шараларын сақтауын сұраймыз», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Бұған дейін Қызылордада 45 жастағы тұрғын Сырдарияға батып кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар