Қызылордада каналдағы суға батып кеткен баланың денесі екі күннен бері іздестірілуде

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында каналға, суға батып кеткен сегіз жастағы ұл баланың денесі екі күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға облыс орталығына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінде 25 мамырда кешкі сағат 20.30 шамасында болған. Сол уақытта туысымен егістікті суару каналы үстіндегі жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан ол абайсызда құлап, каналға суға батып кеткен.

«Оның денесін іздеу жұмыстары 25 мамырда сағат 21.25-тен басталды. Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің мамандары келіп жетті. Сүңгуірлер су астынан іздеу шараларын жүргізді. Ал моторлы қайықтың көмегімен құтқарушылар су бетін тексерді. Осындай іздеу шаралары 26 мамырда жалғасты. Дегенмен өз нәтижесін берген жоқ. Аталған шаралар бүгін, 27 мамырда жалғасуда. Оқиға орнында барлығы 168 адам іздеуге атсалысуда. Олардың арасында баланың туыстары, тиісті сала мамандары, еріктілер бар», - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада он жастағы ер бала суға батып кетті.


Соңғы жаңалықтар