+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қызылордада канал маңында соқтығысқан екі көліктің бірі суға батып кетті

2021 жылғы 19 шілде 17:30
Бөлісіңіз:
Қызылордада канал маңында соқтығысқан екі көліктің бірі суға батып кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында «Шіркейлі» каналының тұсында екі көлік соқтығысып, біреуі суға түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да жол жөндеушілер ескерту белгісін қоймағандықтан көлік шұңқырға құлады Жезқазғанда көлікпен зейнеткерді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, жүргізуші зардап шекті

Оқыс оқиға бүгін, 19 шілдеде Қорқыт ата әуежайына баратын тасжол бойындағы «Шіркейлі» каналының тұсында болды. «Toyota Camry» және «Daewoo Nexia» жеңіл автокөліктері соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасынан «Toyota Camry» автокөлігі каналға түсіп кеткен. «Daewoo Nexia» автокөлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Орын алған жол-көлік оқиғасының себеп-салдары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Әлеуметтік желіде суға құлап кеткен көлік ішінде екі адамның болғаны айтылуда.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын балық аулауға шыққан азамат Сырдарияға батып кеткен еді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепованың хабарлауынша, оқиға орнында жедел құтқару жасағының 14 құтқарушысы 4 техника және 2 суға жүзу қайығымен барып, іздестіру жұмыстарын жүргізуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT