Қызылордада кәмелетке толмаған балалар тергеу изоляторын аралады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада қоғамнан оқшауламайтын жаза түріне сотталған кәмелетке толмаған жасөспірімдер ЗК-169/1 мекемесін аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шараны Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандары ұйымдастырды. Шара барысында жеткіншектер тергеу изоляторындағы оқшаулау орындары және өндірістік аймақты аралап көрді.

«Бұл шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат – есепте тұрған кәмелетке толмаған балалар жасайтын құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысты қайта болдырмау. Биылғы жылдың 10 айында кәмелет жасына толмаған 29 сотталушы Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіне өткен. Оның екеуі сотталған мінез-құлқы қиын балаларды тәрбиелейтін девиантты мектеп орталығында. Осындай профилактикалық іс-шаралар арқылы қылмыс жасаған жасөспірімдерге жаза баспау қажеттігін ескертіп жатырмыз», - дейді қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары Айгүл Құрақбаева.

Олардың күнделікті тұрғылықты мекенжайы тексеріліп, профилактикалық әңгіме жүргізіледі.

Аталмыш шараға пробация есебінде тұрған оннан астам кәмелетке толмаған бала қатысты.

Соңғы жаңалықтар