+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Қызылордада қалалық денсаулық және демалыс саябағы ашылды

2020 жылғы 25 қыркүйек 23:57
Бөлісіңіз:
Қызылордада қалалық денсаулық және демалыс саябағы ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін қала күні мерекесі қарсаңында Қызылордада қалалық денсаулық және демалыс саябағы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Даниал Ахметов Өскемендегі көпқабатты үйлердің құрылысын сынға алды Шетсіз қала: Алматының ең жас ауданы қалай өзгеріп жатыр? Жамбыл облысында алтын өндіретін зауыт салынады

Қызылорда қаласының мерейлі мерекесінің салтанатты ашылуы «Қалалық денсаулық және демалыс саябағының» пайдалануға беруімен басталды. Аталған шараға облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты.

Облыс орталығының келбетіне әрлендіре түскен аллея қаладағы көрікті орындардың біріне айналмақ. Саябақтың ашылу рәсімінде облыс әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтап ізгі лебізін білдірді.

Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев алдағы уақытта саябақта кәсіпкерлердің қолдауымен ойын аттракциондары орнатылып, мұнда спорттық, патриоттық іс-шаралар өткізелітінін айтып өтті.

Айта кетейік, саябақ 35 гектар аумақта орналасқан. Мұнда веложол, 6 спорттық ойын алаңы, түнгі жарық шамдары барлығы үйлесімді орналасқан. Сонымен қатар 20 мыңнан астам көшет пен 61 мыңға жуық гүлдер егілген. Саябақта барлығы 10 мыңнан астам шаршы метр аумақ абаттандырылған.

Сондай-ақ, Қызылордада шағын кәсіпкерлік нысандарының саны артты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT