Қызылордада кадр мәселелерін шешуге арналған семинар өтті

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемқызмет мәселелері бойынша семинар өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Еркебұлан Сарымбетов  жұмыс барысында кездесетін проблемалық мәселелерді  талқылауды ұсынды.

   Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Аида Жаңабергенова сынақ мерзімінен өтуші мемлекеттік қызметшілер үшін бейімдеу жоспарын қалай дұрыс әзірлеу керек екенін айтып өтті. Ал бас маман Мақпал Абтикерова кадр мониторингі бойынша тоқсандық есептілік туралы айтып, оны толтыру барысында қателіктерге жол бермеуге бағытталған шараларды ортаға салды.

 Бұдан соң қатысушылар кадр қызметінің негізгі проблемалық мәселелерін талқылады.

   Еске сала кетейік, Елбасы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам еңбегінің бірінші тарауын кәсіби мемлекеттік аппарат құруға арнаған болатын. Ондағы 1-қадамда: Мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғырту міндеті қойылса,мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс,-деп нақты көрсетілді. Сондай-ақ, әрі қарай осы еңбектің 2-15 -қадамдарында да мемлекеттік қызмет саласында атқарылуға тиісті мәселелер нақтыланды.

Соңғы жаңалықтар