Қызылордада із-түзсіз кеткен жасөспірім қыз 2 күннен кейін табылды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында із-түзсіз кеткен жасөспірім қыз аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі атап өткендей, қыз 4 тамыз кешкі сағат 22.30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған.

Іздеу жұмысына Қызылорда облысы полиция департаментінің, Қызылорда қалалық полиция басқармасының жеке құрамы, еріктілер және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Оның аясында әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындар ақпараттандырылды.​

Полиция қызметкерлерінің күшімен қаланың көпқабатты үйлер, аулалар, кәріз құдықтары, саяжайлардағы иесіз үйлер, құрылысы бітпеген ғимараттар, жертөлелер мен жалдамалы пәтерлер тексеріліп, ойын-сауық орындарында жоғалған жасөспірімнің фотосуреті көрсетіліп, сұрастырылды.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 6 тамыз күні жоғалған кәмелетке толмаған қыз қала орталығынан​ табылып,​ аман-есен ата-анасына тапсырылды.

Қазіргі таңда ювеналды полиция қызметкерлері ата-анасымен профилактикалық бағыттағы жұмыс жүргізіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар