Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.98 EUR 430.63
RUB 6.11 CNY 55.83
Jańalyqtar

Қызылордада IV халықаралық интернет-форум өтті

2019 жылғы 26 маусым 19:01 467
Бөлісіңіз:
Қызылордада IV халықаралық интернет-форум өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылордада IV халықаралық интернет-форум өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Форумға Ресей, оның ішінде Татарстан, Сингапур және Қазақстан мемлекеттерінен сарапшылар қатысты.
Қызылордада IV халықаралық интернет-форум өтті

Баяндамашылар аймақтағы білім беру және жұмыспен қамту саласының  келешегі, жылдам өзгеретін заманауи еңбек нарығы жағдайындағы жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктер, сияқты өзекті мәселелер туралы айтты.
Қызылордада IV халықаралық интернет-форум өтті

Форум модераторы - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақпараттық технологияларды дамыту жөніндегі Вице-ректоры Әлия Мұхамеджанова.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев форум жұмысына сәттілік тілеп, адам капиталын дамыту аймақтың басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

«Біз төртінші Интернет-форумды адам капиталын дамытуға арнап  отырмыз. Өйткені әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қазіргі кезеңде мемлекеттің экономикалық өсуінің шешуші факторы - адам капиталын қалыптастыру мен дамытуға байланысты инвестициялар. Әлемде білім беруді дамытуға мемлекеттік шығыстар бұрыннан әлеуметтік шығындар ретінде есептелмейді. Себебі бұл - табыс әкелетін инвестиция. «Барлығын кадрлар шешетінін» түсінеміз, сондықтан облыстық бюджеттің 40% астамын білім беру саласына бағыттаймыз», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Мәселен, Қызылорда облысында "HackDay" жас IT-мамандардың бірінші өңірлік фестивалі ұйымдастырылды. Қазіргі таңда  Қызылорда жастары "IT-эшелон" жобасы аясында веб-бағдарламалау негіздері мен фронтенд-әзірлемелер бойынша ақысыз негізде оқытылуда.
Қызылордада IV халықаралық интернет-форум өтті

Форумға онлайн және офлайн режимінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, «МИСиС» ҰТЗУ даму жөніндегі директоры Нұрлан Қиясов, BTSDigital білім беру жобаларының жетекшісі Саясат Нұрбек, Электрондық үкімет орталығының директоры/Сингапур ұлттық университетінің халықаралық бағдарламасының жүйелік ғылымдар институтының басшысы Ашок Кумар Ситхараман, "Иннополис" университетінің ректоры Александр Тормасов, сондай-ақ сандық технологиялар және адами ресурстарды дамыту саласындағы басқа да сарапшылар қатысты.
Қызылордада IV халықаралық интернет-форум өтті

Интернет пайдаланушылары үшін облыс әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (YouTube және Facebook) ресми аккаунттары арқылы онлайн трансляция ұйымдастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы бірінші интернет-форум электрондық коммерцияны дамытуға, екінші (2017) - Байқоңыр қаласында кәсіпкерлікті дамытуға, үшінші (2018) - өңірде цифрландыруды дамытуға арналды. Айта кету керек, аталмыш форумдарды өткізу нәтижесінде облыста "Барс-Групп" татар компаниясымен бірлесіп "Электрондық балабақша" жобасы жүзеге асырылды. Бүгінгі күні жүйе 425 мектепке дейінгі білім беру мекемесіне енгізілді. Сондай-ақ, "Транстелеком" компаниясымен бірігіп тұрғынүй коммуналдық шаруашылық шығындарын оңтайландыруды көздейтін "е-Шаңырақ" зияткерлік ақпараттық жүйесінің пилоттық жобасы іске асырылды. Қазіргі таңда жүйе 6 көпқабатты үйге енгізілген, жыл соңына дейін тағы 170 үйді енгізу жоспарлануда.

 


Қызылордада IV халықаралық интернет-форум өтті

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT